02.01.2024, 11:30

Маңғыстауда Жаңа жыл қарсаңында 12 сәби дүниеге келді

Фото: pixabay.com

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы.

 

Маңғыстауда жаңа жыл қарсаңында 12 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» орталығында 8 сәби дүниеге келді. Оның бесеуі ұл, үшеуі қыз бала, – деді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Ал, Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында 3 қыз бала, 1 ұл бала дүниеге келді.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы.

Еске салсақ, Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда.