02.01.2024, 12:30

Республикада бірнеше тасжол жабылды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы бар ақпаратты 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар!

«ҚазАвтоЖол» өкілдері ауа райына байланысты қай жолдар жабылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Республиканың орталық аймағына қарай өтетін циклонды ескере отырып, республикалық маңызы бар «Астана-Теміртау» автожолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты құрметті, республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, ауа-райы жайлы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, сонымен қатар көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз! Сондай-ақ, жол қызметкерлері жолды қардан тазалап, жол жиектерін қалыпқа келтіріп, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз! – делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы бар ақпаратты «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар!