03.01.2024, 10:40

«Анасы таксиде қалдырып кеткен»: Алматыда 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Фото: instagram.com/konaevkz

Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көзінің түсі қоңыр.

Полиция Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салды. Бүлдіршіннің анасы қызды Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қалдырып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іздеу жұмыстарына кіріскен еріктілердің мәліметінше, 2024 жылы 2 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді келіншек Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шығады. Ол жол жөнекей көлік тоқтатқан. Келіншек қалаға жете сала шамамен сағат 20:49-да көлікте ұйықтап жатқан баланы қалдырып, Б.Момышұлы көшесіне жетпей, Райымбек көшесінен түсіп қалған. 

Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көзінің түсі қоңыр.

Дереккөз: Inbusiness.kz