$ 441.66  475.14  4.86

Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді

Қазақ боксшысы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Фото: janibek_alimkhanuly инстаграм парақшасынан
Фото: janibek_alimkhanuly инстаграм парақшасынан

Бокс туралы жаңалық тарататын CFSportsClub Х (Twitter) аккаунты жаңа жылда назар аударатын боксшылар тізімін жариялады. Skifnews.kz ақпарат порталы бұл жайында Sports.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.  

CFSportsClub нұсқасы бойынша, 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшы: қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және АҚШ-тың төрт өкілі: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Қазақстандық боксшы бұған дейін 2024 жылы 160 фунт дивизионында абсолютті әлем чемпионы болуды жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары