$ 443.37  474.49  4.83

«Ұсақ ақауларды дардай қылып көрсетіп жүргендерді де сынға алған» - депутат Тоқаевтың сұхбаты жайлы

«Қасым-Жомарт Кемелұлының жауабынан, Мемлекет басшысының проблеманың себептері мен салдарын толық біліп отырғаны көрініп тұр».

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Бүгін Мемлекет басшысының ауқымды сұхбаты Egemen Qazaqstan газетінде жарияланды. Осыған орай, Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бағыттарға қатысты халықтың көтеріп жүрген маңызды сұрақтарына өз ой-пікірлерін білдіріпті. Оның ішінде: Қаңтар оқиғасы, екі билік туралы, саяси реформалар, Президент мерзімі, Үкімет тиімділігі, энергетика саласы, Сыртқы саясат. Ресей мен Қытай, кадр мәселесі және т.б қамтылған. Көп мәселенің ішінде өте маңызды сұрақ - отын-энергетика және коммуналдық шаруашылық бағыты. Президенттің осыған қатысты жауабына тоқталғанды жөн көрдім. Өйткені қазіргі таңда тұрғындарды қатты толғандырып отырған мәселелер: жылу, су, ток.

Қасым-Жомарт Кемелұлының жауабынан, Мемлекет басшысының проблеманың себептері мен салдарын толық біліп отырғаны көрініп тұр. Сонымен қатар, кейбір ұсақ ақауларды дардай қылып көрсетіп жүргендерді де сынға алған.

Үкімет пен әкімдерге, ең алдымен, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету керек. Бірақ жаңа қуат көздерін ашу, желілерді біртіндеп жаңарту және коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ұмытпаған жөн. Қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұрғанын, Үкімет пен әкімдіктер батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуы керек екенін атап, нақты міндет қойды», - деп жазды Жаңбыршин.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары