$ 441.58  480  4.86

Футболшы Бахтиер Зайнутдиновтың жалақысы белгілі болды

«Бешикташтың» шабуылшысы Винсент Абубакар 3,1 миллион еуро жалақы алады.

Фото: Prosports.kz
Фото: Prosports.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы үздік бомбардир, жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Түрік клубының шетелдік ойыншыларының келісім-шарт бойынша алатын ақша сомалары ғаламторда жарияланды. Бұл ақпаратқа сәйкес, «Бешикташтың» шабуылшысы Винсент Абубакар 3,1 миллион еуро жалақы алады.

Екінші орында «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Алекс Окслейд-Чемберлен, мәліметтер бойынша 2,5 миллион еуро алады.

Бактиер Зайнутдинов бұл тізімде 12-ші орында, оның жылдық жалақысы 1,2 миллион еуроны (600,1 миллион теңге) құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары