$ 444.14  477.05  4.85

Атырау облысында туыстары қайтыс болды деп хабарлаған адам тірі боп шықты

Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атыраулық полицейлер туыстары өлді деп хабарлаған әжеге екінші өмір сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

31 желтоқсан күні "анам құлап қайтыс болды" деп Атырау қаласының тұрғыны полиция шақырған. Әйел жуынатын бөлмеде есінен танып, құлап жатқан. Полиция әйелдің неден қайтыс болғанын анықтауға келеді. Жедел-тергеу тобының криминалистері 1947 жылы туған әйел адамнан тіршілік белгілерін байқайды. Әйелдің тамыр соғысы бар болған. Олар дереу жедел-жәрдем шақыртқан. Осылайша, 76 жастағы әжей дәрігерлерге тапсырылды.

Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары