Тілеухан – белгілі нәрселерді дәстүр мен тәлім-тәрбие арқылы бүркемелеп соға беретін нағыз манипулятор.
Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде белсенді бола бастады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы саясаттанушы Оразғали Селтеевке сілтеме жасап.
Бекболат Тілеухан әлеуметтік желілерде белсенді бола бастады. Оның шығарылымдарын тарату үшін бір топ адам жұмыс істейді. Оның сөздері адасқан әрі қараңғы адамдарға ғана өтеді. Өкінішке орай, олардың саны аз емес. Тілеухан – белгілі нәрселерді дәстүр мен тәлім-тәрбие арқылы бүркемелеп соға беретін нағыз манипулятор, - деп жазады саясаттанушы @selteyev_view телеграм арнасында.
Сондай ақ, саясаттанушы қоғамда «инфосығандар» көбейіп кеткеніне алаңдаулы.
Қоғамда құндылық дағдарысы мен ұлттың білімі мен түсінігінің төмендеп кеткені әрине ойландырады. Инфо сыған тектестер тым көбейіп кетті. Қазіргі қалыптасқан ахуалға барлығымыз кінәліміз. Мұны түзетуге санаулы адамдардың ғана шамасы келеді. Қаласа істей алады. Сау ақылдың қараңғылықты жеңетіні анық, - деп аяқтайды ойын Селтеев.
Дереккөз: ulysmedia.kz