Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 6:4.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған Е.Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 124-сатыда тұрған аустралиялық Оливия Гадекимен сәтті өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 6:4.
Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Елена Рыбакина жүлде қоры 1,7 млн АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингіде 44-орындағы америкалық Слоан Стивенспен таласады.