04.01.2024, 07:30

11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 4 қаңтарда Шымкентте тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтілуде. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қарлы боран соғады.

Батыс Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 18 м/c.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қарлы боран соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Облыстың батысында және солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстікке ауысады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде қарлы боран соғады. Түнде және таңертең солтүстікте, облыс орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екіпін – 18 м/с.