Жергілікті билік бұл оқиғаны теракт деп атады.
Иранның Керман қаласында генерал Қасем Сүлеймани жерленген зиратқа апаратын жолда жарылыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ирандық YJC басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, жарылыс салдарынан 103 адам қаза тауып, тағы 141 адам жарақат алған.
Жарылыс 3 қаңтарда генерал Қасем Сүлейманиды еске алуға арналған шеру кезінде болды.
Иранның Tasnim мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, зираттағы Гүлзар кесенесі ғимаратының кіреберісінде бомба салынған екі сөмке жатқан, олар қашықтан басқару құралы арқылы жарылған болуы мүмкін. Жергілікті билік бұл оқиғаны теракт деп атады.
Еске салсақ, 2020 жылдың 3 қаңтарында Иран әскерінің атақты генералы Сүлеймани Ирак астанасы Бағдадта АҚШ әуе күштерінің шабуылы нәтижесінде қаза тапқан.