$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық кәсіпкер сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқан

Сотта С. өз кінәсін толығымен мойындады.

Фото: pxhere
Фото: pxhere

 

Қазақстандық кәсіпкерге сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жеке кәсіпкер С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Талас аудандық сотының баспасөз қызметі

Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың тамыз айында ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасымен ластанған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, нәтижесінде адам денсаулығына зиян келтірген.

Сотта С. өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен кәсіпкер С. ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 млн. теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Талас аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары