04.01.2024, 16:20

Талдықорғанда 250 миллион теңге пара алған шенеуніктер сотталды

Фото: Pixabay

Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкер Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Жетісу облысының поркурорлары Талдықорған қаласында екі көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандарды әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Талдықорған қаласында 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырған кінәлі тұлғаларға қатысты әділ үкімге қол жеткізді.

Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар бастап, жүргізді.

Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып,  250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталды.

Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкер Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.