04.01.2024, 23:30

Ел тұрғындары балаларына қандай есімдерді жиі қояды?

Фото: Pixabay

Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.

2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылдың танымал 10 есімі

Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза; Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.

2013 жылдың танымал 10 есімі

Ерасыл, Алихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан; Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана.

Дереккөз: inbusiness.kz