Осыған дейін қарсыластар өзара төрт мәрте кездесіп, соның үшеуінде Елена Рыбакина жеңіске жеткен.
Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) турнирдің ширек финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Осыған дейін қарсыластар өзара төрт мәрте кездесіп, соның үшеуінде Елена Рыбакина жеңіске жеткен.
Мертенс оңай шағылатын жаңғақ емес, спорттық жолында үш рет жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі теннисші болатын.
Бұл жолы бірінші партияда қос брейк жасаған Рыбакина айқын басымдық танытты — 6:1. Қазақстандық спортшы екінші сетті де брейкпен бастады — 2:0. Тағы бір брейк — 3:0. Ақыры матч нүктесін өзі доп бергенде қойды — 6:0.
Елена Рыбакина доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингіде 28-сатыдағы Анастасия Потаповамен (Ресей) таласады.