$ 443.35  475.54  4.82

Баянауылдағы кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі

Марқұмдардың иманы саламат болсын. Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден өтемақы төленеді. Облыс әкімі Асайын Байханов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біз „Майқайың-алтын“ АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Оқиға орнында менімен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тас мен топырақ сырғып жатыр. Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00–де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлады Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында.

кен орнындағы апат

Фото: видеодан кадр

Оның айтуынша, қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасына «Майқайың-алтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі.

кен орнындағы апат

Фото: видеодан скрин

Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын. Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз, деді әкім. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары