$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл билікті күшпен басып алу мен мемлекеттік төңкерістің амалы еді». Азат Перуашев қаңтар оқиғасы туралы

Осы қиын күндерді еңсеріп өту үшін Қ. Тоқаев көп адам күтпеген табандылық пен мемлекет алдындағы адалдығын танытып, бар күш-жігерін салды. Сұхбатта бұл туралы тарқатылып айтылмады, алайда, ешкім де барлығы өздігінен шешілді деп ойламасын.

Фото: akzhol.kz
Фото: akzhol.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берген болатын. Сұхбатта бірнеше түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Соның бірі - Қаңтар тақырыбы. Осы орайда "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев бұл қасірет миллиондаған қазақстандықтың көз алдында өрбігесін, мемлекет басшысының айтқанына қосары барын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Азат Перуашев Мемлекет басшысы өз сұхбатында қаңтар оқиғасын үш толқынға бөлгенін ерекше атап өтті. 

Сол қанды қаңтар күндерін сараптай отырып Қасым-Жомарт Кемелұлы оқиғаның үш толқынын ерекше атап өтті: «Үкімет сұйытылған газдың бағасын күрт өсіру туралы жан-жақты ойластырылмаған, құқықтық негізі жоқ шешім қабылданды. Маңғыстау облысында арандатушылардың айтағына ілескен жұрт шеруге шықты. Шерулер алдымен Маңғыстау облысында басталды. Ортақ мәмілеге келу үшін жүргізілген келіссөздер мен диалогке толқуды ұйымдастырушылар еш мойын бұрмады». Кейін – «Көптеген аймақта алғашқы қақтығыстар басталды», бұл «арнайы дайындалған жансыздары арқылы жағдайды одан әрі ушықтыруға тырысқан қаскөйлер үшін «іздегенге сұраған» болып шықты.  Бұл – екінші толқын.  «Жетекшілері ымыраласқан топтың айтқанын екі етпейтін және лаңкестермен, оның ішінде сырттан келген лаңкестермен байланысы бар қылмыстық топтар өршелене іске кіріс-кенде үшінші толқын басталды. Олар арнаулы технологияны, арандатушылар мен қарақшыларды пайдаланып, бейбіт шерулерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырды. Ұрып-соғу, қирату, өртеу, өзгенің мүлкін қасақана жою белең алды. Дүрбелең кезінде қарулы радикалдар мен лаңкестер бір мезетте, бір ғана бұйрықпен мемлекеттік органдардың және күштік құрылымдардың ғимараттарына, қару-жарақ дүкендеріне, құқық қорғау мекемелері мен әскери бөлімдердің қоймаларына шабуыл жасады. Қарақшылар мен лаңкестер өзара ұйымдасып, бір-бірімен тығыз байланыста әрекет жасағанын тағы да қайталап айтқым келеді».

Сонымен қатар, тергеу қорытындысы бойынша президент атап өткендей, азаматтардың әділ наразылығын тәртіпсіздікке айналдыру мақсатында арандатушылық жұмыстар жүргізілгенін де ашып айтты.

Сондықтан да болар, Маңғыстаудың өзінде наразылық білдірушілер қақтығыстан аулақ болғанымен, «Маңғыстауға қолдау көрсету» ұранымен басқа аймақтарда зорлық-зомбылықтар басталып кетті. Бұл қисынсыздық тек сылтау ғана қажет болған тәртіпсіздіктердің жасанды, арандату сипатын растайды. Бірақ бұл ереуілдерге жастардың оңай және белсенді түрде қосылғаны тәртіпсіздіктердің негізгі салдары газ бағасының әділетсіздігі (екінші толқында ол шешіліп қойған) емес, Президент Қ.Тоқаев айтқандай «жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, жалпы тоқы­раудың билік пен қоғамды аздырып-тоздыруы себеп болғанын» көрсетеді.

Ақжол Перуашевтің сөзінше, мұның барлығын үмітсіздіктен қажыған бейбіт жастарды қалқан еткен кәдімгі содырлар жасаған.

Президенттің сұхбатына қайта оралсақ, шын мәнінде бейбіт шерушілер мұздай қаруланып, полицияға немесе ұлттық қауіпсіздік департаменттеріне бір мезгілде бүкіл ел аумағы бойынша шабуылдай ма; Бейбіт шерушілер мемлекеттік мекемелердің қорғаушыларын өлтіріп, әскери арсеналдарды тартып ала ма? Жоқ. Мұның барлығын үмітсіздіктен қажыған бейбіт жастарды қалқан еткен кәдімгі содырлар жасады. Мен тәртіпті қалпына келтіруге қатысқан бригадаға барғанымда терезесінің қақ ортасынан емес, жақтаумен жапсарлас тұсына дәлме дәл кәсіби түрде атылған брондалған көліктерді; Калашников автоматының 7,62 калибрлі оқтарының тұрып қалған өзектерін өз көзіммен көрдім (https://akzhol.kz/kk/blog/azholdtar-almat-oiasnda-zardap-shekkendermen-zhzdest). «Бейбіт тұрғындар» бұлай ата алмайды, бұлай тек арнайы үйретілген, өлтіруге машықтанған адамдар ғана ата алады. Бұл билікті күшпен басып алу мен мемлекеттік төңкерістің амалы еді.

Партия төрағасының айтуынша, қаңтар қырғыны кезінде Қ.Тоқаев мемлекет алдындағы адалдығын көрсетіп, ел мен жерді сақтап қалу үшін бар күш-жігерін салды.

Осы қиын күндерді еңсеріп өту үшін Қ. Тоқаев көп адам күтпеген табандылық пен мемлекет алдындағы адалдығын танытып, бар күш-жігерін салды. Сұхбатта бұл туралы тарқатылып айтылмады, алайда, ешкім де барлығы өздігінен шешілді деп ойламасын. Қазақстан өз мемлекеттілігін жоғалтудың, өз азаматтары үшін ғана емес, көршілер үшін де қауіпті әлдебір хунта не қылмыстық «халифатқа» айналудың аз-ақ алдында тұрды. Тек президенттің ерік-жігері мен әрекеттеріне арқа сүйеген, абдырап қалса да, антына адалдық танытқан командирлер  мен күштік құрылымдардың қызметкерлері қалаларымыздың көшелеріндегі тәртіпті қалпына келтіре алды. Миллиондаған азаматтарымыздың ерлігі және сабырлығымен қатар, олардың рөлін де атап өткен дұрыс деп білемін. 

Азат Перуашев сөз соңында бұл сұхбатты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарылған істерді қорытындылайтын, сонымен қатар, болашаққа, жақын уақытқа деген векторды белгілейтін бағдарламалық мәлімдемесі деп бағалау керек екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары