05.01.2024, 16:20

Алдағы демалыс күндері 25-30 градусқа дейін аяз болады

Фото: pixabay.com

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран соғады.

 

«Қазгидромет» 6-8 қаңтарға арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдағы күндері белсенді Атлантика циклоны және одан туындайтын атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.

6 қаңтарда солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстікте де мол жауын-шашын болады.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран соғады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Елдің батысына, солтүстік-батысына, солтүстігіне және шығысына Солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массалары келеді.

Осының салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді.

Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта күн райы 8-25 аязға дейін, солтүстікте 5-30 аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 аязға дейін суытады.

Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны минус 5 және плюс 7 градус шегінде болады.