05.01.2024, 17:40

Желіде Геннадий Головкиннің 21 жыл бұрынғы жекпе-жегінің видеосы тарады

Фото: instagram.com/gggboxing

2003 жылы бокстан Таиландтағы әлем чемпионатында Геннадий Головкин украиналық Олег Машкинмен жұдырықтасқан болатын.

Желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 21 жыл бұрынғы жекпе-жегінің видеосы пайда болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Халықаралық бокс ұйымының (IBO) X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

2003 жылы бокстан Таиландтағы әлем чемпионатында Геннадий Головкин украиналық Олег Машкинмен жұдырықтасқан болатын. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесуде қазақстандық боксшы уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Сол жекпе-жектің видеосы жақында Халықаралық бокс ұйымының (IBO) X желісіндегі парақшасында жарияланды.

Геннадий Головкин Олег Машкинді 2003 жылы Бангкоктағы әуесқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионатында тоқтатып жатыр, – делінген жазбада.