Елордалық «Астана» қатарынан Степан Лончар, Жарко Томашевич, Аслан Дарабаев және шабуылшы Дембо Дарбо кетті.
Елордалық «Астана» қатарынан Степан Лончар, Жарко Томашевич, Аслан Дарабаев және шабуылшы Дембо Дарбо кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Qazsporttv.kz жазуынша, Степан Лончар 2023 жылдың жазында командаға қосылып, УЕФА Конференция Лигасының топтық кезеңінде ойнады.
18 ойынға қатысып, 1 гол және 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Жарко Томашевич командаға 2019 жылы келіп, ел біріншілігінің алтын жүлдесін және УЕФА Еуропа және Конференция Лигасының топтық кезеңінде ойнады.
«Астана» үшін өткізген 78 ойында 7 голдың авторы атанды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Аслан Дарабаев 2021 жылғы маусымның басында командаға келіп, ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
«Астанамен» бірге Конференция Лигасының топтық кезеңінде ойнаған Аслан 50 ойынға қатысып, 7 гол соқты.
Дембо Дарбо өткен маусымда команданың негізгі ойыншыларының бірі болып, 42 ойында 11 гол соқты.