Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абай облысында 1 учаске:
«Алматы – Өскемен» автожолында 615-683 шақырым, Жетісу обл.шек. – Таскескен а. дейін.
Жетісу облысында 2 учаске:
«Үшарал – Достық» 84-184 шақырым, Көктұма бек. – Достық бек. дейін – 100 шақырым;
«Алматы – Өскемен» автожолында 557-615 шақырым, Үшарал қ. – Абай обл. шек. дейін – 58 шақырым.
Сондай-ақ, Үшарал – Достық республикалық маңызы бар автожолдың Көктұма – Достық станциясы аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылды.