Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шашылды.
5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды.
Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шашылды.
Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.