06.01.2024, 21:30

Абай облысында бензин цистернасы өртенді

Фото: polisia.kz

Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шашылды.

5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды.

Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шашылды.

Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.