06.01.2024, 22:30

«Найман» келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Фото: prosports.kz

Ол 24 рет жеңіске жетіп, сегіз рет жеңіліп және бір рет тең түскен.

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов Instagram парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Келесі жекпе-жегіме дайындығымды бастадым! Уақыты белгіленді, қарсылас анықталды! Ресми анонсты күтіп отырмыз», - деп жазды Instagram парақшасында.

Хамитов кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың мамыр айында Hardcore MMA 62 турнирінде өткізіп, төрешілер шешімімен Залимхан Юсуповты жеңді. Ол 24 рет жеңіске жетіп, сегіз рет жеңіліп және бір рет тең түскен.