$ 441.58  480  4.86

«Ақтөбе» футбол клубынан 10 ойыншы кетіп қалды

Желтоқсанда «Ақтөбе» футбол клубына жаңа бапкер – ресейлік маман Дмитрий Парфенов тағайындалды. 

Фото: ФК Ақтөбе
Фото: ФК Ақтөбе

«Ақтөбе» футбол клубы жаңа маусым алдында он бірдей ойыншысынан айрылды,  деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы. 

1bol.kz жазуынша, клубты екі қақпашы – Мирослав Лобанцев («Елімай») пен Стас Покатилов («Тобыл»), үш қорғаушы – Дмитрий Яшин («Елімай»), Лука Гадрани («Қайрат») және Ескендір Қыбырай, екі жартылай қорғаушы – Милош Раичкович және Андерсон Ньянгбо, үш шабуылшы – Элдер Сантана («Қайрат»), Рожерио дос Сантос Алвес («Елімай») және Роман Изотов тастап кетті.

Айта кету керек, желтоқсанда «Ақтөбе» футбол клубына жаңа бапкер – ресейлік маман Дмитрий Парфенов тағайындалды. Бұған дейін команданы жаттықтырған Андрей Карпович семейлік «Елімай» клубына ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары