$ 443.37  474.49  4.83

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жеңімпазы атанды

Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Елена бет қаратпады — 6:0.

Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

А.Соболенко 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары