Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаға жылы лебізін жолдады. Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.