$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент мешітінде 800 мың теңге тұратын сырт киім ұрланды

Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталып жатыр.

Фото: Otyrar
Фото: Otyrar

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасымының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ұрлық туралы арызы бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, қаладағы орталық мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілгіште тұрған,  құны 800 000 теңгелік сырт киімін ұрлап кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы “ұрлық” бойынша тіркеп, күдіктіні жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Оқиға болған жердегі бейнекамераларды тексеру кезінде күртешені киіп, “ізін суытуға” асыққан жігіт көзге түсті. Полицейлер оның жеке басын анықтап, қала аумағында жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қымбат күртеше иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары