$ 494.87  520.65  4.91

Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті.

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Федерация мәліметінше, жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна — словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова — америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды — 10:8.

Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары