$ 494.87  520.65  4.91

БҰҰ: Газа секторы тіршілікке жарамсыз болып қалды

36 аурухананың тоғызы ғана жұмыс істеп тұр.

Фото: видеодағы кадрлар алынды
Фото: видеодағы кадрлар алынды

Әскери қақтығыс болып жатқан Газа секторы 3 ай ішінде адамның өмір сүруіне жарамсыз аймаққа айналды. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған ұйымның мәліметінше, аймақта қарулы қақтығыстан бөлек, түрлі індеттің жаппай таралу қаупі күшейген.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ Газада азық-түлік тапшылығынан ашаршылық күшейіп, балалар қатты зардап шегіп жатқанын айтады. Бүгінде Газа аумағында медициналық жағдай да нашар. 36 аурухананың тоғызы ғана жұмыс істеп тұр. Ал олардың барлығы өңірдің оңтүстігінде орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары