$ 474.72  515.17  5.58

Ақтөбелік кәсіпкерлер әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы сыйлады

Жылқы - қазақтың рухы екені баршаға мәлім...

Фото: instagram.com/wrestling_team.kazakhstan
Фото: instagram.com/wrestling_team.kazakhstan

Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға ақтөбелік кәсіпкерлер өңірге сапары кезінде құрмет көрсетіп, бір үйір жылқы сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Жылқы - қазақтың рухы екені баршаға мәлім... Ата-баба салтын берік ұстанатын Ақтөбе облысының жылқышылар одағы, Марат, Ринат Жанғозиндар мен осы өңірдің бірнеше бетке ұстар азаматтары «Тақымыңнан тұлпар кетпесін» деп, еркін күрестен еліміздің тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір үйір жылқы атады. Сондай-ақ арнайы тапсырыспен АҚШ-тан, қолдан жасатылған ер-тоқымды тарту етті, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әлем чемпионы Ақтөбеге барған кезінде облыс әкімі мен бір қанша лауазымды тұлғалардың қабылдауында болып, ақ-тілек, батасын алған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары