$ 443.37  474.49  4.83

Астанада коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Астанада 8 қаңтар күні қалың қар жауып, кей уақытта боран соғады.

 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қардың мол жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қала көшелерінің қарын тазартып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күндізгі ауысымда көшелердің қарын тазартуға 1700-ден астам арнайы техника мен 2500-ге жуық жол жұмысшы шықты.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды көшелер тазартылады.

Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Астанада 7-8 қаңтар аралығында 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2802 жүк рейсін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 436 205 текше метр қар шығарылды, бұл 105 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Астанада 8 қаңтар күні қалың қар жауып, кей уақытта боран соғады.

Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аяз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары