$ 494.87  520.65  4.91

Бас прокуратурада жаңа тағайындаулар болды

2009 жылдың сәуірінен 2012 жылдың ақпанына дейін Әділет министрлігінің НҚА тіркеу Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

 

Фото:  https://t.me/GenPr
Фото: https://t.me/GenPr

Бас прокуратурада жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасы бас прокурорының бұйрығы бойынша, бас прокурор аппаратының басшысы қызметіне Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы тағайындалды.

Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру Департаментінің бастығы болып 1976 жылы туған Альбина Тасболатқызы Маутова тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Алмаз Мұхаметжанов – Бас прокуратурада 1998 жылдан бастап жұмыс істеген, Астана қаласы бойынша ҚСАО басшысы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның халықаралық қатынастар департаменті бастығының орынбасары, Бас Прокурор Аппаратының ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың сәуірінен 2012 жылдың ақпанына дейін Әділет министрлігінің НҚА тіркеу Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Нормашығармашылық қызметті үйлестіру басқармасының, сосын Департаментінің бастығы лауазымдарын атқарып келді.

Ал Альбина Маутова –  Прокуратура органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Рудный қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаментінің прокуроры, аға прокуроры, Бас Прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарды.

2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа басқарма бастығының орынбасары, одан кейін 2020 жылдан бастап Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру Департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары