$ 494.87  520.65  4.91

«ҚазАвтоЖол» филиалы директорының орынбасарына пара алу күдігімен ұсталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

«ҚазАвтоЖол»компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз, - деді агенттіктен.

Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.

Бұған дейін БАҚ-та «ҚазАвтоЖол» мекемесінің Жамбыл бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік алғашқы қар жауған кезде жолдарды тазалауға бөлінген қаражаттың ұрлану фактісін тексеріп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

Алайда «ҚазАвтоЖол» «қысқы жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмағаны үшін жауапкершілікке тартылады» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары