08.01.2024, 15:00

Қазақ діннен арылуы керек - Мұхтар Мағауин

Фото: видеодан алынған кадр

Ойламаған жерде дін қазаққа қайшы болып шықты.

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин Halyq Uni тілшісіне берген сұхбатында елдегі діни ахуалға қатысты пікірін білдіріп, мәдениетке дін мен мешіт емес, ғылым-білім мен мектеп қажет екенін жеткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дін туралы тақырыпты бұрын шетжағалап қана жазғанмын. Дін – апиын. Оның мәнін ешкім ұғып жатқан жоқ. Апиын аз қолданса ем, көп қолданса - ауру. ХХ ғасырдық басында, ХІХ ғасырдың аяғында қазақ зиялылары отарлыққа және дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіре діншілдік түкке керегі жоқ. Мәдениетке дін емес, ғылым-білім, мешіт емес, мектеп жеткізеді, - дейді жазушы. 

Оның айтуынша, елде діншілдік күшейіп кетуіне байланысты тіпті заң аясында шара қолдану керек.

Мұсылмандықтың қанша пайдасы бар? Бізге арабтың діншілдігінің не керегі бар? Оның бәрі біздің табиғатымызға жат нәрсе. Жалпы діншілдікті азайту керек. Қазақ діннен арылу керек. Зиялылыққа жету қажет. Зайырлы мемлекет болу үшін соны санаға сіңіру керек. Бұл әсіресе, қазір балалардың санасын бұзып жатыр. Ойламаған жерде дін қазаққа қайшы болып шықты. Діндәрлар қазақтың дәстүр-салтын сақтаңдар демейді, керісінше оған қарсы. Қазақтың ұлттық киіміне қарсы. Қазақтың тілін бүлдірді. Ең соңында бейіт тұрғызуға, келіннің сәлем салуына қарсы. Осының бәрі қазақты құртады. Бұған заң жүзінде шара қолдану керек, - деді Мағауин сұхбатында.