Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.
Талдықорғанда екі адамды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу облысының полициясы 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатыр. Ер адам биыл 5 қаңтарда Талдықорғанда тіркелген аса ауыр қылмысқа (адам өлтіру) негізді күдікті, – делінген хабарламада.
Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.
Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпарат білген барлық адамдарға полиция дереу хабарлауды сұрайды: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102.