Қорғаушы қазір өлімінің мән-жайын айта алмайтынын жеткізген.
Салтанат Нүкенованың отбасының қорғаушысы Жанна Оразбахова Instagram-дағы парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өткен аптаның соңында бізге Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланды. Қазір іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Қылмыстық істің материалдарын толық көрдім, – деп жазды адвокат.
Қорғаушы қазір өлімінің мән-жайын айта алмайтынын жеткізген.
Менің мұндай істер бойынша тәжірибем жеткілікті, бұрын кісі өлтіру істеріне қатыстым, бірақ тіпті сарапшылардың қорытындысы мені таң қалдырды, мұндай қатыгездік пен салқынқандылықты бұрын-соңды көрген емеспін, – деп жазды Жанна Оразбахова.