$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында өртенген үйден анасы мен қызының денесі табылды

Әкімдік әр отбасына 120 мың теңгеден ғана материалдық қолдау көрсетеді, басқа көмек жоқ.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысының Щучье қаласында өртенген үйден анасы мен қызының денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Төрт пәтерлі үйдегі басқа үш отбасы қыстың көзі қырауда баспанасыз, далада қалды. Олар әзірге туысқандарын паналап жүр. 

Қос қабатты үй күндізгі сағат 12 шамасында өртенген. Ағаштан салынған ескі ғимаратты тілсіз жау лезде жалмаған. Өртте үш отбасы далаға шығып үлгеріпті. Ал 64 жастағы анасы мен 39 жастағы қызының өлі денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің арасынан табылды. Қайтыс болған екі әйел бүгін жер қойнына тапсырылды.

Ал далада қалған алты адам туысқандарын паналап кеткен. Әкімдік әр отбасына 120 мың теңгеден ғана материалдық қолдау көрсетеді, басқа көмек жоқ.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, түрлі сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары