$ 443.44  480.51  4.88

Атақты футболшы өмірден өтті

Франц Беккенбауэр 1972, 1976 жылдарда екі мәрте "Алтын доп" иегері атанды.

Фото: Bongarts / Getty Images
Фото: Bongarts / Getty Images

Аңыз футболшының жаз мезгілінен денсаулығына қатысты қиындық туындаған. Ақпарат құралдарында Франц жүрегіне екі мәрте ота жасағаны хабарланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Франц Беккенбауэр 1945 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келген. Футболшылық мансабында 1964-1983 жылдарда Германияның "Бавария", "Гамбург", АҚШ-тың "Нью-Йорк Космос" клубтарында доп теуіп, 587 ойында 83 мәрте гол соқты.

Германия ұлттық құрамасы сапында 1965-1977 жылдарда 103 ойын өткізіп, қақпаны 14 мәрте дәл көздеді.

Франц Беккенбауэр 1972, 1976 жылдарда екі мәрте "Алтын доп" иегері атанды. Сондай-ақ, Еуропа чемпиондары кубогының иегері болса, әлем және Еуропа чемпионы атақтарын жеңіп алды. Оған қоса 1990 жылы бапкерлік қызметінде тағы бір мәрте әлем чемпионы тұғырына көтерілді.

Кейінгі жылдарда "Бавария" командасы президент қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары