Жазатайым оқиға бойынша тергеу басталды.
Екібастұзда 54 жастағы ер адам биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда 15:36-да "Богатырь транс" ЖШС-нен биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті.
54 жастағы ер адам өндірістік жарақаттар алған. Ол ауыр дәрежедегі мидың жабық жарақаты, мидың зақымдану диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді станцияда.
Павлодар облысының еңбек басқармасының хабарлауынша, алтыншы разрядты электр жабдықтарын жөндеу бойынша электрик темір ұстасы жұмыстарды орындау кезінде 2,5 метрден құлаған. Жазатайым оқиға бойынша тергеу басталды.