ТЖД мамандары өртенген жерден 50 литрлік 9 газ баллонын шығарған.
Семейдегі цемент зауытында транспортер таспасы жанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өрт 9 қаңтарда сағат 12:30 шамасында болған.
Барлау барысында әктас беру галереясында транспортер таспасы жанғаны анықталды. Өрт 390 шаршы метр аумақта оқшауланды, - дейді ведомство.
ТЖД мамандары өртенген жерден 50 литрлік 9 газ баллонын шығарған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника жұмылдырылды.