$ 494.87  520.65  4.91

БҰҰ: Ресей Украинаның 100-ден астам бейбіт тұрғынын өлтірді

Донецк облысында жасалған бір ғана шабуылдың нәтижесінде он бір адам қаза тапты, оның бесеуі — балалар.

Фото: arbatmedia.kz
Фото: arbatmedia.kz

29 қыркүйектен бері Ресейдің Украина қалаларына жасаған шабуылдары 120-ға жуық адамның өмірін қиды, деп мәлімдеді БҰҰ гуманитарлық үйлестірушісі Дениз Браун, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Arbat.media-ға сілтеме жасап.

500-ге жуық жараланғаны белгілі.

Бұл цифрлардың әрқайсысының артында адам сенгісіз азап тарихы жатыр, - деп келтіреді Укринформ ақпарат агенттігі Браунның сөзін.

Донецк облысында С-300 зымырандарымен жасалған бір ғана шабуылдың нәтижесінде он бір адам қаза тапты, оның бесеуі — балалар. Браун орыс әскерлерінің бүгінгі жаппай шабуылы тағы да үлкен шығынға әкелуі мүмкін деп қорқады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары