Донецк облысында жасалған бір ғана шабуылдың нәтижесінде он бір адам қаза тапты, оның бесеуі — балалар.
29 қыркүйектен бері Ресейдің Украина қалаларына жасаған шабуылдары 120-ға жуық адамның өмірін қиды, деп мәлімдеді БҰҰ гуманитарлық үйлестірушісі Дениз Браун, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Arbat.media-ға сілтеме жасап.
500-ге жуық жараланғаны белгілі.
Бұл цифрлардың әрқайсысының артында адам сенгісіз азап тарихы жатыр, - деп келтіреді Укринформ ақпарат агенттігі Браунның сөзін.
Донецк облысында С-300 зымырандарымен жасалған бір ғана шабуылдың нәтижесінде он бір адам қаза тапты, оның бесеуі — балалар. Браун орыс әскерлерінің бүгінгі жаппай шабуылы тағы да үлкен шығынға әкелуі мүмкін деп қорқады.