Шешуші үшінші кезеңде отандасымыз қарсыласын 6:1 есебімен қиындықсыз жеңді.
Әлемнің 417-ракеткасы Дмитрий Попко Буэнос-Айрес (Аргентина) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 366-ракеткасы, бразилиялық Орландо Луспен ойнады.
Бірінші партияда бразилиялық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жеткен. Алайда екінші сетте Попко таразы басын теңестірді – 6:4. Шешуші үшінші кезеңде отандасымыз қарсыласын 6:1 есебімен қиындықсыз жеңді.
2 сағат 24 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Дмитрий 6 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді.
Енді Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 327-ракеткасы, германиялық Тимо Штоддермен шеберлік байқасады.