$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін — Ілияс Есенберлиннің туған күні

Әйгілі «Көшпенділер», «Алтын орда» трилогиясының және бірқатар романдардың авторы.

Фото: wikipedia.org
Фото: wikipedia.org

Осыдан 109 жыл бұрын (1915-1983) қазақтың талантты жазушысы, қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі, әйгілі «Көшпенділер», «Алтын орда» трилогиясының және бірқатар романдардың авторы Ілияс Есенберлин дүниеге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысында туған. Қазақ тау-кен институтын бітірген, инженер.

Еңбек жолы: Жезқазған рудниктерінде инженер, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушысы; 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы; 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры; 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор; 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы; 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы; 1958-1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі; 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасының директоры; 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады.

Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының он томдық жинағы (1984-1990) жарияланды.

Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары