$ 498.34  519.72  4.85

«Көктайғақ, қарлы боран, жаңбыр»: 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астанада түнде қарлы боран соғады. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20 м/с.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

11 қаңтарда Астанада және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада түнде қарлы боран соғады. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с болады.

Алматыда күндіз тұман. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ, қар жауады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20, 23-28 м/с болады. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде -2+3°, облыстың солтүстігінде -5-10°, күндіз +1+6°, облыстың солтүстігі мен батысында -2° градус болады. 

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары