Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.
Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордада 10 қаңтарда қолайсыз ауа райы орнады. Бүгін жауған қалың қар мен қатты жел әуе тасымалына да өз ықпалын тигізді. Әуеайлақ қызметі 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкіндігі туралы хабарлама алды. Мұндай ауа-райында авиациялық қауіпсіздік мақсатында авиакомпаниялардың шешімімен әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.
Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қатты жел соғуда, оның жылдамдығы 11 м/с, алайда желдің екпіні 16м/с дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған болатын. Оның 12 рейсі (4 ұшатын, 8 ұшып келетін) ұшақтың кеш келуіне байланысты кешікті. Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.
Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы 8(7172)702-999.