$ 474.83  515.38  5.5

Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қандай да бір ақпарат бірген адамдардың 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуын сұрайды.

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде 9 қаңтар күні үйінен шығып, қайта оралмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облысының полиция департаменті 9 қаңтар күні сағат 23:00-де үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған Әділ Назеновке іздеу жариялады. 2011 жылы туған жасөспірімнің үстінде қою жасыл түсті күрте, қара шалбар, ақ түсті жейде мен қара аяқ киімі болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қандай да бір ақпарат бірген адамдардың 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары