$ 443.44  480.51  4.88

Данияр Елеусінов Олимпиадаға бармайтынын айтты

Париж олимпиадасына жолдама беретін турнир ақпан айының аяғында Италияда өтеді. 

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar/
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Асланбек Шымбергеновтің жолын кеспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бұған дейін Елеусіновтің әуесқой боксқа қайта оралатыны және Олимпиадаға жолдама беретін турнирге қатысуы мүмкін екені айтылған болатын. Ал, оның салмағында (71 кг) өнер көрсететін Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов бұл жолы да Олимпиада ойындарына бара алмауы мүмкін деген сыбыс тараған.

Менің Олимпиадаға қатысуым туралы айтсақ, мен бірден бас тарттым. Уақыт тым тығыз және бұл жарысқа жылдар бойы дайындалған жігіттер бар. Мен өзімді білемін, мен бұрыннан кәсіпқой боксшымын, - деді Елеусінов.

Сондай-ақ, ол «мұндай мүмкіндік сізбен қандай да бір түрде талқыланды ма?» деген сауалға «иә» деп жауап берген.

Айта кетейік, Париж олимпиадасына жолдама беретін турнир ақпан айының аяғында Италияда өтеді. Оған 71 келіде Асланбек Шымбергенов барады.

32 жастағы Елеусінов Қазақстанның ең танымал боксшыларының бірі. Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа бет бұрып, 11 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ, 2021 жылдың желтоқсанында Данияр IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары