$ 498.34  519.72  4.85

Олимпиада жолдамасына талас: қазақ ауыр атлеттері Азия чемпионатына қатысады

Сегіз жыл бұрын Ұлттық құрама 85 кг бақ сынаған Денис Улановтың алтынымен шектелсе, пандемиядан кейін өткен алғашқы аламанда 7 жүлдемен (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) жалпы есепте 4-сатыға тұрақтаған еді.

Фото: drs.kz
Фото: drs.kz

3-10 ақпан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Оған қазақстандық ауыр атлеттер де қатысады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сары құрлықтың басты бәсекесінде Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар сарапқа салынады. 

Қазақстан құрамасы сапында жарысқа Ақмолда Сайрамкез (67 кг), Әлібек Рақымберді (73 кг), Александр Уваров (81 кг), Сергей Петрович (96 кг), Кирилл Староверкин (96 кг), Айнұр Әбдіхалықова (49 кг) және Арай Нұрлыбекова (81 кг) қатысады. 

Ташкентте Азия чемпионаты ерлер арасында 52-ші, ал әйелдер арасында 33-рет өтпек.  Бұған дейін Өзбекстан астанасында құрлық бәсекесі 2016 және 2021 жылы өткен. Сегіз жыл бұрын Ұлттық құрама 85 кг бақ сынаған Денис Улановтың алтынымен шектелсе, пандемиядан кейін өткен алғашқы аламанда 7 жүлдемен (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) жалпы есепте 4-сатыға тұрақтаған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары